Главная

Карапайым математика Такырыбы: Геометриялық пішіндер


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (19.01.2016)

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: «Қызықты пішіндер» (Геометриялық пішіндер)

Мақсаты: Жұп заттармен таныстыру. 5 көлемінде санау, геометриялық пішіндерді (ұшбұрыш, дөңгелек, шаршы) танып, ажырата білуді жіне орналасу реттілігін сақтауды үйрету. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Қарапайым математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал–жабдықтар, көрнекіліктер: Буратино (жалпақ бетте жасалған), қысқы киімдердің қима суртеттері, қағаздан жасалған геометриялық ұсақ пішіндер және қолғаптар.

Билингвалды компонент: Қызық – интересный, пішіндер –фигуры, жұп – пар.

Әрекеттің кезендері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялы-ынталандыру кезең

I.Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ендеше күндей жадырырап бүгінгі күнімізді бастайық. Шұғылалы күнмен амандасып алайық.

«Амандасу рәсімі»

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуағын төгіп нұр,

Сәлем, Күн – анаға!

арқылы әңгімелеу

Кіріспе сұрақтар қою:

-Балалар, қанеки, есімізге түсірейікші жылдың неше мезгілі бар?

-Жыл мезгілдерін атаңдаршы.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдаршы?

Балалар, бүгін бізге қонақ келіпті.

Топқа Буратино қонакка келеді.

Балалар тәрбиешімен қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңберіне тұрып, күнге қолдарын созып күннің жылуын сезінеді.

Төрт мезгілі бар.

Күз, қыс, көктем, жаз.

Жыл мезгілі – Қыс.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Ұйымдастыру ізденгіш кезең

II.Негізгі бөлім:

Жаңа тақырыппен таныстыру.

«Жұбын тап» дидактикалық ойын:

Тақтада геометрилялық пішіндерді суреттері ілінеді.

-Геометриялық пішінді кім жылдам айтып береді?

«Қолғапты тап» дидактикалық ойыны:

Буратино мұз айдыныңда қолғабының сыңарын жоғалтқанын, енді көмек сұрайтынын айтады.

Тәрбиеші пішіндерден жасалған оюлары бар қолғаптарды көрсетеді. Сұрақтар қоя отырып, сыңарын тапқызады.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт- сұрт,

Шапалақтап соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ- топ, топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу, зу-зу,

Шаңамеңен зулаймыз.

«Пішіндерді боя» дидактикалық ойыны:

Мақсаты: Түстерді тани білуге үйрету.

Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс пішіндерді құрастыра білу.

Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыруды ұсынлады. Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Тәрбиешінің көмегімен ойынды ойнайды.

Балалар бойларын сергітіп сергіту сәтін жасайды.

Балалар ойындарды қызығушылықпен ойнайды.


Рефлекциялы-түзету кезең

III.Қортынды бөлім:

Сұрақ қоя отырып, оқу іс – әрекетін қортындылау.

Белсенді қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Балаларға жұлдызша беріледі.

Балалар өз ойларын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) танып, ажырата білуді және орналасу реттілігін сақтай білу керек.

Нені игереді: Түстерді ажырату, реттік сан есімдерін дұрыс қолдануы.

Нені біледі: Жұп заттарды танып, киімнің, аяқ- киімнің сыңары болатынын білді.

















Для Вас подготовлен образовательный материал Карапайым математика Такырыбы: Геометриялық пішіндер

Карта сайта